Skip to content

«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ » Балқаш қаласы білім бөлімінің…

«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ »
Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ –нің кітапханасында 17 қарашада 5Ә сынып оқушыларының сынып жетекшісі Л.Т.Ибраевамен бірге «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі Лайла Төлеповна оқушыларға зорлық – зомбылықтың түрлері мен оның орын алатын жағдайлары туралы айтты. Шара соңында оқушыларға сұрақ – жауап қойылып, кітап бұрышына қойылған буклет пен журналдарға кітапханашы шолу жасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *