Жоспарға сәйкес 2023 жылдың 21 сәуір күні кәсіптік бағдар бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен «Халық қаһарманы РК»Р.Қошқарбаев атындағы колледждің ұстаздарымен мектебімізде кездесу өткізілді. Колледждің мұғалімдері оқушыларға барлық мамандықтар ақысыз екендігін айтып түсіндірді. Балалар әр мамандық туралы жақсы мағұлмат алып, мамандықтардың қыр-сырымен танысып,көкейіндегі сұрақтарға жауап алды.
