ЖББ №5 мектепте қаңтардың 19 жұлдызында Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Не көрсем де Алаш үшін көргенім» атты сахналық қойылым мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымына ұсынылды.
Мақсаты: оқушыларды, оқырмандарды Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту арқылы оның ақындық тұлғасы мен философиялық ойларынан нәр алуға шақыру, танымдық деңгейлерін көтеру, ұлы тұлғаларды құрметтеуге, ұлықтауға тәрбиелеу. Қойылымға қатысқан әр оқушы өзіне жүктелген образды жоғары дәрежеде сомдап шыққандығы қонақтардың жылы лебізінен, жарқын тілектерінен аңғарылды.
Оқушыларды дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адамбаева Б.Т.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb