Skip to content

🔖🔖«XXI ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының үшінші күнінде,…

🔖🔖«XXI ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!» оқу сауаттылығы апталығының үшінші күнінде, 10 «А» сынып оқушыларымен «Кітаппен серуен» тақырыбында квест ойыны өтті.
🖍️Мақсаты: Бірлескен командалар құру арқылы ұйымшылдыққа, өзара бірлікке баулу, көшбасшылық қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, позитивті өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, креативті ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу.
🎼📚Ойын үш топтың арасында, «Қазақтың 100 әні», «100 кітап» жобасы , Құжаттарды дұрыс толтыр, Абай өлеңдері, «Біз бір отбасы» станциялары арқылы өтті. Әр станцияның тапсырмаларын оқушылар қызығушылықпен орындады. Қазылар алқасы болып Даривхан Жандос пен Асылбеков Ілияс сайланды. Қорытындылай келе, 2 -топ мүшелері жеңіске жетті.
📝Бұл ойын- «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» қағидасына негізделген. Әрекет етуге, топ үшін күресуге, жеңіске жетуге бейімдейді. Пән мұғалімі: Ж.М.Имангалиева #Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *