Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мектебіміздің 8А сынып оқушыларымен «Жұмбақ айту» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты жұмбақ айту арқылы оқушылардың ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру; шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, бір – бірін тыңдай білуге, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ — адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер екені белгілі.
Оқушылар бір- біріне жұмбақ жасырып,оларды жарыса шешті.«Жұмбақ деген не?, Жұмбақтың қандай түрлері бар? деген сұрақтарға жауап іздеп,өз білімдерін жетілдірді.
