Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Президенттің бастамасымен елімізде “Оқуға құштар ұлт” жобасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Сонымен ұйымдастырушылардың бастауымен «Каникулда кітап оқимыз» онлайн марафон жалғасуда.”Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында, “Каникулда кітап оқимыз” марафонын 2024 жылы 21-31 наурыз аралығында өткізіліп отыр. Сайысқа 1-4 сыныптар арасында және 5-9 сыныптар арасындағы оқушылар қатысуда. Əр топтың кітабы бөлек. Сайысқа қатысушылар қазақ классиктері мен әлем классиктері кітабын оқвда. Қатысушылар 3 кезенде 3 кітапты оқып бітіруге тиіс. Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн-тест өтеді.
Сайыстың басты мақсаты- жастарды кітап оқуға құштарлығын ояту, оқушылар арасында кітап оқу дағдысын қалыптастыру әрі жандандыру.
