🌿 «Түлектер аллеясы – Ұмытылмас ізің»
📍 Балқаш қаласы №5 жалпы білім беретін мектебі
📅 24 мамыр 2025 жыл
Бүгін – жүрек тербетер, толғанысты әрі тарихи күн. Мектеп бітіруші түлектерімізге арналған «Түлектер аллеясы – Ұмытылмас ізің» атты салтанатты жиын ерекше рухпен өтті. Бұл – тек бір рәсім емес, бұл – алғыс пен арманның, үміт пен естеліктің тоғысқан сәті болды.
🎙 Салтанатты жиынды мектеп директоры Гаухар Жасымбекқызы Балапанова жүрекжарды құттықтау сөзбен ашып,
🎀 Түлектер аллеясының лентасын қиып, аллеяны ресми түрде ашты.
👪 Ата-аналар атынан ақ тілектер айтылып, перзенттерге сенім мен үміт арнасы жолданды.
🌳 Түлектер өз арман-тілектерін ағаш бұтағына байлап, болашаққа жүрек үнін жеткізді.
🚀 «Армандарды ғарышқа ұшыру» атты ерекше психологиялық тренингте түлектер қиялын көкке самғатты.
📸 Соңында естелік суретке түсіп, “Түлектер аллеясы” тарихының алғашқы беті ашылды. Енді бұл аллея – жылдар өтсе де жүрекке із қалдыратын, арман мен алғыстың символына айналады.
📌 Шараны ұйымдастырған – 11А және 11Ә сынып оқушылары. Cынып жетекшілері: Жумабекова Б.О.,Жуматова И.Ж
Олар бұл күнді мазмұнды, әсерлі әрі ұмытылмас етуге зор үлес қосты.
#ТүлектерАллеясы
#ҰмытылмасІзің
#СоңғыҚоңырау2025
#МектепЖүрегінде
#ТүлекАрманы
@balqash_qbb @karlygash_dsh @umckrg