“Таза Қазақстан”экологиялық сауаттылық апталығы аясында бастауыш сыныптар арасында “Табиғат әлемі балалардың көзімен” тақырыбында суреттер көрмесі» ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Туған өлкенің табиғатын тануға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, адамгершілік және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар өз қиялындағы табиғаттың әсем бейнесін сурет арқылы жеткізді. Көрмеге әр сыныптан белсенді оқушылар қатысты. Балалардың жұмыстарынан олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы айқын байқалды.
Your browser does not support the video tag.