“Шетел тілі пәндері” апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Өміртай Ажар Бағдатқызы 8А сыныбымен “Conditional sentences” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында жеке, топтық және жұптық бағалау жұмыстары жүргізіліп, оқушылар түрлі платформаларда тапсырмалар орындады.