Skip to content

Республикалық «Менің бауырым» және «Мұғалім болу-мақтаныш» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай 8-9 сынып оқушылары арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында қашықтықтан ғылыми-танымдық конференция өтті.

1-бағыт: Шоқан Уәлиханов-энциклопедист ғалым (қазақ мәдениетін әлемге танытқан, тарих, этнография саласында жүргізген зерттеулері, ғылымға қосқан үлесі туралы).

2-бағыт: Шоқан Уәлиханов – әдебиет зерттеушісі (халқымыздың әдеби асыл мұрасын зерттеудегі еңбегі жөнінде).

📘 Облыстық конференцияға мектебіміздің 8 «А» сынып оқушылары Асқар Динара “Шоқан Уәлиханов және қазақ мәдениеті”, Мейрамхан Іңкәр Шоқан Уәлиханов және қазақ эпосы”, 9 «А» сынып оқушысы Асылбекова Алина Шоқан Уәлихановтың әдебиетке қатысты еңбектері: мазмұны мен маңызы тақырыптарында мақала жазып, жұмыстарын қорғады. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Б.Т. Адамбаева мен А.М.Шаймерден.

🖍️Оқушыларымыз, Шоқан Уәлихановтың қазақ әдебиетін зерттеудегі еңбектері әдебиеттану ғылымы үшін қосқан үлесі, өлеңдерінің құрылымы, мазмұны туралы өз ойларын айта алды. Шоқанның әдеби зерттеулерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасын жүйелі түрде қарастыра отырып, оны болашақ ұрпаққа жеткізуге үлес қосатынына тоқталды.

Конференция қорытындыланып, қатысушылардың мақалалары ғылыми-практикалық конференция жинағына енгізілетіні, сертификаттар табысталатыны айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *