⚜️Облыстық «Оқу шаттығы» жобасы аясында 4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Сөйлейтін қабырғалар» акциясының алғашқы күнінде мектебімізде «Рахмет» қабырғасы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында оқушылар жүрек түріндегі плакаттарға ата-аналарына, мұғалімдеріне, достарына, өздері сүйіп оқитын шығарма кейіпкерлеріне деген алғыстарын жазып, арнайы қабырғаларға жапсырды.
#оқушаттығыжобасы2025