Республика күніне орай 9 сынып оқушыларымен Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған “Дала дауылпазы”атты оқырмандар конференциясы өтті.
2024жылы 16 қазан күні “Балқаш қаласы №5 жалпы білім беретін” КММ-де Республика күніне орай 9 сынып оқушыларымен Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған “Дала дауылпазы”атты
оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларымен таныстыру, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Іс-шараны мектеп кітапханашысы Тезекбаева А.А., қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шаймерден А.М. ұйымдастырды.
Конференцияда ақынның өмірі мен шығармалары, білімі мен қызметі туралы айтылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.