Қазақстан халқы тілдері күні апталығы аясында, 5 «А» сыныбында «Қазақ елі-көп ұлтты мемлекет» тақырыбында өнеге сағаты өтті.
09.09.2024 күні Қазақстан халқы тілдері күні апталығы аясында, 5 «А» сыныбында «Қазақ елі-көп ұлтты мемлекет» тақырыбында өнеге сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқылы өмір сүріп жатқандығын үлгі ету.
Өнеге сағатында оқушыларға тың ақпараттар айтылды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт — дәстүрлер ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді. Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.
Соңынан, әр ұлттың сәлемдесуі туралы бейнеролик көрсетілді.