Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады.
Жолдауда еліміздің саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық даму болашағына қатысты мәселелер толық қамтылды. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет және бейбітшілік пен қоғамдық келісімі қамтамасыз етілген мемлекет ретінде танылғаны, мемлекетімізде сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар сәтті жүргізілгені де белгілі.
Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды.
Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе екенігіне тоқтала келе, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор нағыз маман болу идеясын насихаттау керектігі айтылып, 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялайтыны айтылды.
Жолдауда атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтетіндігі айтылды.
Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ.
Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Мен бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын. Мен Қазақстан халқын Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындау үшін топтасуға және бірге тұрақты, гүлденген Қазақстан құруға шақырамын!
№5 ЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі А.К.Шакижанова