Меню KDT

logo.jpg?_=1712738077

Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауына пікір

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі жолдауына пікір

    Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 ЖББ мектебі» КММ-нің мұғалімдері, 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысты. Мемлекет басшысының қарастырған мәселелері: Еліміздің әлеуметтік саяси даму мүмкіндіктері қаралды. Өз Жолдауында білім саласында айналып өтпеді. 2029 жылға дейін орта және шағын бизнесті қолдап, оның санын 15% -ға жеткізу, мектеп ауруханалар, салуға көңіл бөлу, жайлы мектептер салынуы және еліміз бойынша 11300 мектеп күрделі жөндеуден өтуі керектігіне тоқталды. Әр оқушыға бюджеттен бөлінетін қаражат туралы ата-аналарды хабардар ету, мектепке баланы дайындау мемлекетпен бірге ата-аналардың жауапкершілігі жоғары екеніне баса назар аударды. Мұғалім статусын көтеру, мұғалімнің үздіксіз білім алуы, біліктілігін көтеру, мұғалімдер мен дәрігерлердің ерекше еңбектеріне орай атақтар беру керектігі жайлы айтылды. «Жұмыстың өзін тапқан, байлықтың көзін табар» деген халықтың мақалымен ойын түйіндеді.
    Мектеп ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауымен толық таныса отырып, әр бірлестік отырыстарында, сынып сағаттарында талдау жүргіземіз, деп ойлаймын...
    Мектеп директоры: Балапанова Гаухар Жасымбековна
    02.09.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Пайдалы сілтемелер