12 мамыр - қазақ халқының сүйікті аналары күніне орай, мектебіміздің ұлағатты ұстазы, аяулы ана, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Имангалиева Жанылган Мұратовнамен 8-сынып оқушыларының кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында ұлағатты ұстазымыздың еңбек жолы, білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірттерінің жеңістері жайында мағлұмат беріліп, кездесу соңында кері байланысқа түсті.