Бірінші сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық мәселелері” тақырыбында семинар өтті.
30 қыркүйек “№5 ЖББМ” КММ - нің бірінші сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен “Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық мәселелері” тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында мектепке дейінгі білім мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың маңызы мен бейімделуде кезлесетін қиындықтар талқыланды. Мектепке дейінгі тәрбиешілер мен бірінші сынып мұғалімдері баланың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерінен шеберлік сабақтарын көрсетті. Балалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, біртұтас білім беру ортасын құру қажеттілігі жан-жақты талқыланды.