Skip to content

🌷Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, 🌷Жап-жасыл болып кетті дүние…

🌷Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
🌷Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
🌷Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
🌷Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

⚜Наурыз мейрамы аясында мектепішілік жоспарға сәйкес 10 Ә сынып көшбасшылары қазақ халқының «Тұсаукесер» дәстүрін көрсетті.

🔰Мақсаты:
🔰Балаларға қазақ халқының салт – дәстүр түрлері туралы түсінік беру, оның ішінде тұсау кесу рәсімімен таныстыру, сөздік қорын молайту, әдет – ғұрып, салт – дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу;

⚜Қазақ халқы бала қаз-қаз тұра бастағанда «болды, енді жүреді» деп байлам жасап, сәбиді өмірдің келесі кезеңіне – жүру, тұру процесіне дайындаған. «Тұсау кесу рәсімі, міне, дәл осы кезде атқарылады.
⚜Тұсаукесер — әр бала үшін міндетті түрде орындалатын салт.

⚜Тұсау кесіп, той жасау – ата-дәстүр, салтымыз,
⚜Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.
⚜Думанды тойын жасап дүбірлетіп,
⚜Салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз.

⚜Тұсау кесу – қазақтың өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған ырымы.

✨️«Тұсау кесер» дәстүрін сахналаған оқушылар:
1. Жүргізушілер: Мирас, Нұрдәулет;
2. Ата рөлінде- Адиль;
3. Тұсау кесу рәсіміне келген қонақтың рөлінде-Алибек;
4. Сәби-Еркежан (сыныбымыздағы Ақниеттің сіңілісі);
5. Апа рөлінде -Диана;
6. Әке рөлінде-Жасұлан;
7. Келін рөлінде-Лунара;
8. Сері жігіт рөлінде- Нұржан;
Қойылым барысында Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күй ойналды;

🔰Ұйымдастырған модератор сынып жетекші: Индира Жанатқызы

#біртұтастәрбие
#наурызмейрамы
#тұсаукесер
#ұлттыққұндылық
#салдәстүр
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qbb
#obb_qaraganda
#10Әсынып

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *