Мен де оқимын, сен де оқы!
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында « Мен де оқимын, сен де оқы!» атты бастауыш сынып оқушыларымен оқу сағаты өтті. Мақсаты : Оқушыны кітап оқуға баулу,Оқыған кітабының мазмұнын тыңдарман сол кітапты алып оқуға қызығатындай етіп жеткізе білуі. Шығармадан рухани нәр алып,көпшілік алдында шешен сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Оқушылар өздері оқыған шығарманы тыңдармандар алып оқығысы келетіндей қылып қызығушылығын ояту. Оқушыларға оқыған шығармаларын насихаттауға, алған әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік беру.
Осы орайда кітап оқудың пайдасын айта отырып, оқушылар оқыған кітаптарына жасалған суретті сөзжұмбақтарды шешіп,өз ойларымен бөлісті.
Қандай жаста болсаң да, нендей жағдайда жүрсең де әрдайым оқы, үйрен, білім ал. Үйрену ешқашан кеш емес. Үйрену үшін оңтайлы уақытты, ыңғайлы жағдайды күтпе!
