Skip to content

🇰🇿Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан…

🇰🇿Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына
пікір

​⚜️Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жыл сайын Парламент сессиясының ашылуында халыққа Жолдау жариялайды. Бүгінгі Жолдау 2023 жылдың 1 қыркүйегі –Білім күнімен , Қасиетті Жұма күнімен тұспа тұс келді. Президент алдағы орта мерзімдік жұмыстардың бағыт-бағдарын айқындап берді. Нақты тапсырмалар беріліп, жаңа міндеттер жүктелді.
​Баспана мәселелерінің шешіліп, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 400-ге жуық мектеп, ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысандарының салынуы қуантарлық жаңалық болды. «Ұлттық қор -балаларға» жобасының қолға алынуы – мемлекет басшысының келешек ұрпақтың тағдырын тереңнен ойлауы деп ойлаймын. Өйткені келешек ұрпақ – гүлденген, кемелденген Қазақстанның негізі.Сонымен қатар Президент еліміздегі адам құқығы, қоғамдағы әділдік, Заңның дұрыс жүзеге асырылуы жайлы да ауқымды жұмыстар жүргізілуі керектігі жайлы ауқымды жұмыстар жүргізілуі керектігін айтты. Бұл да қоғамда кездесетін келеңсіз жайттардың азаюына септігі тиер еді.
​Дамыған ел болу үшін геосаяси ахуалды жақсартуға және экономиканың негізгі бағыттарын дамытуға баса назар аудару керектігін қатаң ескертті.
​Ұлан-байтақ жеріміздің туристік әлеуетін көтеруге арналған жобалар дайындалып, жүзеге асырылуы керектігі де ел басшысының ерекше шешімдерінің бірі болды.
​Жолдау соңында Қ.Тоқаев адалдық жоқ жерде ешқашан әділеттік болмайтындығын, сондықтан Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруі керектігін айтты. Еліміздің әрбір азаматын адал болуға шақырды. «Болашақ ұрпаққа Отанымызды дамыған мемлекет ретінде табыстау – бұл бабалар аманатына адалдық» деп аяқталған мемлекет басшысының Жолдауы әр қазақстандықтың жүрегінің түбіне жетіп, Отанына деген сүйіспеншілігі арттырып, жарқын болашаққа деген сенімдерін нығайтты деп сеніммен айта аламын.

@uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие #bilim_quni

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *