Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушыларымен, Ұлыстың Ұлы мерекесіне арналған , «Қош келдің, әз Наурыз!» атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін ұлықтау, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын насихаттау, ұлттық құндылықтар негізінде, рухани – адамгершілікке тәрбиелеу.
«Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» -деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған қазақтың дәстүрін насихаттау мақсатында, «Қыдыр ата» бата беріп, «Наурыз ана» шашу шашты.
Ұлтымыздың салт -дәстүрін ұлықтау мақсатында, Нұрай қызымыз «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындап әкелсе, Әділ бозбаламыз «Селтеткізер» немесе «Діреткізер» деп аталатын дәстүрмен таныстырып, аруымызға сыйлық сыйлады. Қыз-жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге дәнекер болған дәстүр екенін айтып өтті. Аталмыш дәстүрлер – екі жастың жүрек жарастығының бастамасы іспетті.
«Тәрбие – отбасынан басталады» дегендей, сынып оқушылары тұрмыстық салт-дәстүрлерге байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, қазақтың салт-дәстүрлері туралы өз пікірлерін ортаға салды. Ә.Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйін, Ернұр нақышына келтіре орындаса, мың бұралған биші қыздарымыз өнерлерімен бір серпілтіп тастады. Соңы қазақтың «Қара жорға» биімен ұласты.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева