Мектебімізден оқушыларымыз қанаттарын қағып үлкен өмірге бастау алуда! ЖББ №5 мектепте 21.06.2023 күні сағат 10.00-де 11-сынып оқушыларының аттестат алу салтанатты жиыны өткізілді.Мектеп директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна мектеп түлектерін құттықтап,ақ жол тіледі. Аттестат табыстауға байланысты мектеп директорының бұйрығын оқылып, түлектерге салтанатты түрде аттестат табысталды.Мектеп басшысы мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенділік танытқан ата-аналарға алғысын білдірді.Сынып жетекшісі Өміртай Ажар Бағдатқызы мектеп өміріндегі іс-шараларға атсалысқан ата-аналарға алғыс хатын табыстады. Ұстаз қауымы мен ата-аналар түлектерге сәттілік, ақ жол тілеп, армандарыңның биік шыңына жете берулеріне тілектестігін білдірді.
#ҚОББтәрбие @@uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolimi