Мектебімізде, 9-11 сынып оқушыларының арасында, «Жаңа жыл-жаңа нұр» атты жаңа жылдық іс-шара «Қызық Times» бағдарламасы форматында өтті. Мақсаты: оқушыларға жаңа-жылдық көңіл-күй сыйлап, ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып, ұжымдық қарым-қатынас, мәдени құндылықтарын арттырып, эстетикалық тәрбие беру. Бағдарлама жүргізушілері 11 «А» сынып оқушылары: Мұрат Сұлтан мен Кенесбай Ақбота. Мектеп директоры Г.Ж.Балапанова өзінің жүрекжарды ақ тілегімен, жаңа жылдық құттықтауымен бағдарлама шымылдығын ашып берді. Бағдарламаның қонақтары Аяз ата -11 Ә сынып оқушысы Серікбай Ильяс Ақшақар, Мадиева Л. бастауыш сынып мұғалімі. Аяз Ата мен Ақшақар өтіп кеткен қоян жылына аман- есен саулық тілеп, келер жылымыз Ұлу жылы табысты , берекелі жыл болып, есте қалар тарихи жыл болсын, деген жаңа жылдық тілектерін арнады.
Жаңа жылдық бағдарламаға әр сыныптың дарынды да талантты, өнерлі оқушылары танымал өнер жұлдыздарына пародия жасап, ән, театрландырылған көріністер көрсетіп, би билеп көрермен көңілінен шыға білді. Алғашқы қонақ Австриялық әнші, жұлдыз Sia образында 9«А» сынып оқушысы Қанат Айша ағылшын тілінде ән шырқады. «ИК Ирина Кайратовна» тобының әнімен 9 «Ә» сынып оқушылары орындады.
«Шымкент шоу» театрынан бөлініп жеке топ болып шығып, өнер көрсетіп жүрген танымал «Күлпаш» тобының театрландырылған көрінісін 10 «А» сынып оқушылары өте жоғары деңгейде орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазақстандық өнер жұлдызы Абдиханов Жолдасбектің хит әнін 10 «Ә» сынып оқушысы Жузбаев Адиль орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.
11 «Ә» сыныптың қыздар тобы “Dancers” тобының биін асқан шеберліктерімен орындай білді. Қонаққа келген жұлдыздарға бағдарлама жүргізушілері әр түрлі тақырыпта, жеке өмірлеріне байланысты қызықты сұрақтар қойып, сұхбат ала білді. Бағдарлама барысында, 11«А» сынып оқушылары қызықты ойындар ойнатып, би жарыстарын ұйымдастырды. Бағдарламаның мобилографы тартымды бейне роликтер жасап, фотосуреттер түсірді. «Қызық Times» бағдарламасының соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Шакижанова өнер көрсеткен оқушыларға әр түрлі номинациялар мен сертификаттар табыстады. Бағдарламаның соңы би кешімен жалғасты.
