Мектебімізде, 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің -79 жылдық мерекесіне арналған «Ерлікке тағзым ету-ұрпақ парызы» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен ерлік сабағы өтті.
Мақсаты: Ұлы Отанды сүюге,ерлік көрсеткен ерлердің бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Іс-шараға Балқаш қаласындағы 44803 Б әскери рота командирі, тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Айдар Нұрсұлтан Өскенбайұы мен сержант Әмір Қанағат Қуанышұлы, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық мұғалімі Менаяқ Ғалым Бекзатұлы шақырылды.
Ерлік сабағы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алудан басталды.
«Батырлар тек соғыста ғана танылады» деп бекер айтылмаса керек. Батырлық -тек атойлап атқа мініп, жауға шабу емес. Бейбіт заманда да ерліктің білекте емес, жүректе екенін өмірде орын алған оқыс оқиғаларда қара басын қатерге тігіп, адамды ажал аузынан арашалап қалған қаһармандар дәлелдеп жүргені сөзсіз. Қонақтарымыз көк аспанымыздың тыныштығын күзететін 44803 Б әскери бөлімі жайлы мағлұмат бере отырып, әскери қызметкер мамандығының қыр -сырымен таныстырып өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген әскери қызметтің артықшылықтары, қиындықтары, әскери мамандыққа түсуге қандай талаптар қойылатыны, әскери өмірдегі есте қалған қызықтар туралы сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Кездесудің соңы мектеп оқушыларының ән шашуымен жалғасты.
Ата -бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болып, Елімізде бейбітшілік болсын, Айбынды азаматтарымыз аман болсын! деген тілекпен қорытынды жасалды. Ерлік сабағын жүргізген Мұрат Сұлтан мен Кенесбай Ақботаға, белсене қатысып сұрақ қойған оқушыларға, өнер көрсеткен оқушыларға алғыс айтамыз.
Сынып жетекшілер: Ж.М.Имангалиева, Ж.Б.Журчинова
