Мектебімізде 18.10.2023 ж. күні жоспарға сәйкес мектеп педагог-психологы Ж.Б. Журчинова мен мектеп медбикесі С.С. Жазибекова , мектептің әлеуметтік педагогы Л.Т. Ибраева бірлесіп, мектепішілік 7 – 11 сынып арасында қыздар жиналысын өткізді.
Қыздар жиналысының мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар – намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.
Осыған байланысты ашық әңгіме жүргізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратыны жайлы ескертілді.
Жеке бас тазалығын сақтау, мектеп формасына сай киіну, сырт келбеттің тазалығы туралы айтылды.
Мектеп педагог-психологының жетекшілігімен ұйымдастырғалы отырған мектепішілік “Қыздар клубы” жайлы айтылып, қысқаша мақсаты мен жұмыс жоспары жайлы ақпарат беріліп, бұл қыздар клубына ерікті түрде қатысуға болатыны жайлы айтылды.
