Skip to content

Мектебімізде 15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне орай, 10 «А» сынып…

Мектебімізде 15 мамыр- Халықаралық отбасы күніне орай, 10 «А» сынып оқушылары арасында «Отбасы-ұлттың тірегі» тақырыбында бейнероликтер сайысы өтті.
➢ Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, отбасындағы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық үлгілі тәжірибені көпшілікке таныту және жариялау.
Әлемде отбасының негізгі міндеті -балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Оқушылар өз отбасының құндылықтарын, отбасы мүшелерінің еңбектері, іс- тәжірибелерін насихаттау арқылы тақырыпты аша білді. Бейнеролик сайысына белсене қатысқан оқушылар: Чекушкина Меланья, Абдрахманова Мадина, Шалғынбай Әділ, Ежибаева Мадина, Тұрған Еркеназ
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *