Skip to content

“ Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күні”мерекесіне орай 2 Ә сыныбы…

“ Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күні”мерекесіне орай
2 Ә сыныбы “Той дастарқаны” дәстүрін көрсетті.Той дастарқан жасап,қонақтарды қарсы алды.
Ұлттық тағамдардың жасалуын айтып,дәм татқызды.Тойға келген қонақтар дастарқанға бата берді.
Оқушылар ән шырқап,өнерлерін көрсетті. Ұлттық ойындар
ойнады.
Той дастарқан батасы
Дастарқаны мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың.
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын.
Қонақтардың кигені,
Алтын жағалы тон болсын.

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай халық, әр дәстүрге арнайы той өткізіледі. Қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттердің бірі – қонақжайлылық. Той иелері қонақтарға аса құрмет көрсетеді.Бар сақтағанын қонағының ауызына тосып үйренген аталарымыз қонақ табалдырықтан аттаса, барымызды салып,қазан көтеретініміз де сондықтан.
Әлі күнге дейін қонақ сыбағасы деп жылы – жұмсағымызды тоңазытқыштың бір бұрышыны тығып жататынымыз да сол дәстүрдің ұшқыны.
Қазақтың ұлттық тағамдары негізінен ет пен сүттен дайындалған.Бұл халқымыздың мал шаруашылығымен айналысып ,соның өнімдерін ғана ұқсатқанына байланысты болса керек.Айран,қымыз.шұбат,қатық,сары май,құрт,ірімшік,
сарысу,секілді сүт өнімдері мен қазақша ет,қуырдақтың неше түрі ,қазы- қарта,жал- жая,құйрық бауыр т.б ет тағамдарын жасаған.
Ұйымдастырған:
Бекбенбетова Г.К.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *