Қысқы демалыс уақытында «Болашақ» дебат клубының ұйымдастыруымен «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінде «QONYRAT CUP VII – Ерекше mix-2023» қалалық дебат турнирі Американдық және британдық парламенттік форматтарында өтті.
Линкольн-Дуглас форматы қорытындысы бойынша «Мағжан жастары» дебат клубының мүшелері 9 "Ә" сынып оқушылары – Қымыран Нұрбейне мен Виликисова Ақбота және 10"А" сынып оқушысы Қымыран Фариза жеке спикерлік көрсеткіштері үшін «Үздік спикер» номинациясын иеленді.
Американдық және британдық парламенттік форматтарының қорытындысы бойынша 10 «А» сынып оқушысы – Жұмағали Мерұлан жүлделі 2 орын Мұрат Сұлтан 3 орынға ие болды.
