Skip to content

🔈Құрметті ұстаздар, оқушылар! 🗓️27-31.01.2025 күндері аралығында «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық…

🔈Құрметті ұстаздар, оқушылар!

🗓️27-31.01.2025 күндері аралығында «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы өтетіндігін хабарлаймыз!

🔰Мақсаты: математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

🔰Міндеттері:
– білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту;
– математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау;
– оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
– білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың математикаға қызығушылығын арттыру;
– математикалық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау, математикалық ғылымдарды тереңдетіп оқуға ұмтылу.

💫Апталыққа белсенді қатысуға шақырамыз!

#balkhash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
#umckrg
#birtutas_tarbie
#қообтәрбие
#математикаапталығы2025
#математикаайналамызда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *