Skip to content

«Көрісу күні-Амал мерекесі» аталып өтті.

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 14 наурыз, 2025 жылы халқымыздың салт-дәстүрлерінің бірі – Амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге қызмет көрсетуге, сыйластыққа баулу. Халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға тәрбиелеу мақсатында «Көрісу күні-Амал мерекесі» аталып өтті.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2024 жылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойланатын болды.
Көрісу- мейірімділік, ізеттілік!
Көрісу- молшылық пен қонақжайлық!
Көрісу – жаңа жыл, жаңа бастама!
Көрісу, амал күні-ұлттық құндылық!
Мерекенің шымылдығын мектебіміздің тәжірибелі, ардагер ұстаздары шашу шашып, ізгі тілектерін айтып ашып берді. 5 «А», 9 «А» сынып оқушылары ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға мерекелік көңіл- күй сыйлады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *