Skip to content

🔹* “Кітап-рухани қазына” “2022 – Балалар жылы” аясында, республикалық “Оқуға…

🔹* “Кітап-рухани қазына”
“2022 – Балалар жылы” аясында, республикалық “Оқуға құштар мектеп” жобасын жандандыру мақсатында, күзгі каникул кезінде, мектебіміздің 7 “Ә” сынып оқушыларымен “Кітап-рухани қазына” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған іс-шарада оқушылар “Кітап оқудың 7 пайдасы”, “Оқу дағдысын қалай қалыптастырамыз?”, “Кітап оқудың ережесі” секілді тақырыптарды негізге ала отырып, ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, кітапханамыздың меңгерушісі Махашова К. Ш. оқушыларды олардың жас ерекшеліктеріне сай кітаптармен таныстырып, шығармалардың авторларына қысқаша шолу жасап өтті. Аталған жоба аясында, оқушыларды кітап оқуға ынталандыру үшін, мектеп оқушыларының жасаған шығармашылық жұмыстарымен, алған жетістіктерімен таныстырды.
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
@obb_garagandy
@umcktg
г.Балхаш ГУ «Отдел образования»
#ҚОББтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *