Skip to content

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №…

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантын өткізу туралы берілген тапсырма аясында, Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ –нің 8-9-11 сынып оқушылары жалпыұлттық патриоттық диктантын жазды.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
➢ Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау;
➢ мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру,
➢ диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Оқушылар диктант жазу барысында, ұйымшылық пен белсенділік танытты. Бұл шара алдағы уақытта да, жалғасын табатыны сөзсіз.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж.М.Имангалиева

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *