Қазақстан халқына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі жарияланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл үндеуі халықтың қорқынышын сейілтіп,үмітін үкілеген Үндеуі болды деп айтуға болады.
Еліміздің он аймағында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланғандығы туралы хабардар ете отырып,жіберген олқылықтарды түзеу үшін нақты тапсырмаларды бергендігі туралы айтылды. Ел үрейленіп қалды.
Осыған байланысты барлық күш жұмылдырылып көмек көрсетілуде.Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды.
Қаншама халықтың үйінің іргесі сөгіліп,малдары суға кетті.Мұндай уақытта су алған үйдің иелерінің үміті билікте еді. Тосынан келген апаттан аман шығу кезінде елдің билікке артқан үміті ақталды!
Алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығарылатындығы және ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс екендігі баса айтылды.
Ең бастысы, судан зардап шеккен халықтың дүние-мүлкі түгел реттеліп, құны өтеледі. Су алған 10 өңірде бастысы ел азаматтарына деген сенім оты өшкен жоқ.
Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтындығы халықтың көңіліне серпін берді.
"№5 жалпы білім беретін мектебі"КММ директоры Г.Ж.Балапанова
#президентжолдауы2024сәуір