🔖«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен жарық көрген ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған қазақ күнтізбесінде 10 қаңтар – қазақ әдебиеті күні болып белгіленген. Бұл күн- 1915 жылы қазақтың дарынды жазушысы Ілияс Есенберлин өмірге келген күн.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының мазмұны бойынша 11 «Ә» сынып оқушыларымен сұхбат жүргізілді. Жазушының қысқаша өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат берілді.
🗓️ Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде халқымыздың бірнеше ғасырды қамтитын тарихы туралы сыр шертетін шығармалар болмағаны сөз болды.
🖊️ Өз шығармалары арқылы жастарымыздың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білген І.Есенберлин қазақ әдебиетіндегі жарық жұлдыз, біртуар перзент екені даусыз.
Ж.М.Имангалиева қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
