Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. Осыған орай мектебімізде 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Ұлы жеңістің 79 жылдығына орай мектебімізде “Отан деп соққан жүрегі….” атты салтанатты сап жиын өтті. Мақсаты : Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге ,ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік , отан сүйгіштік , ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Саптық жиында оқушылар ән де биді де шырқап,бар өнерлерін ортаға салды. Мектеп директоры Балапанова Г.Ж мен директордың тәрбиес ісі жөніндегі орынбасары Шакижанова А.Қ құттықтау сөз сөйлеп ұжымымыздың ер азаматтарын алғыс хаттармен марапаттады.
