Қараша айының алтысы күні, мектебімізде, «Кәсіби даму -Тәжірибе – Рефлексия» тақырыбында мектеп координаторы Ж.М. Имангалиеваның ұйымдастыруымен отырыс өтті.
Мақсаты: Әріптестердің кәсіби біліктілігін дамыту, пәндік құзыреттіліктерін арттыру, іс-тәжірибелермен бөлісу арқылы зерттеу сабақтарының басымдықтарын айқындау.
Міндеттері:
-Әлемдік тәжірибелер мен озық халықаралық тәжірибелерді салыстыру;
-сабақты зерттеудегі іс- тәжірибелермен бөлісу.
«Бірге жиналу -бұл бастама, Бірге болу – бұл ілгерілеу, Бірге жұмыс істеу -бұл жетістік»,- деген ағылшын ғалымы Генри Фордың қанатты сөзін басшылыққа ала отырып, өткен оқу жылындағы жасалған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Сабақты зерттеу үдерісіндегі іс-тәжірибесімен бөлісе отырып, Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау, Lesson Study-ді өткізу, зерттеу кезеңі, сабақтан кейінгі талқылау (ревизия), талдау туралы ақпараттар берілді.
Пән мұғалімдеріне түрлі сауалнамалар, бақылау парақтары, есептер үлгілері, нұсқаулықтар ұсынылды.
