Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы іске асырып жатқан «Жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін сақтау» жобасы аясында «Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ оқушыларымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: жабайы және жануарлар әлеміне, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлеріне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орманға жауапкершілікпен және ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушылар біздің өңірдің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерімен танысып, Қазақстанның жануарлар әлемінің биологиялық әртүрлілігі туралы білді.
Көптеген түрлер адам қызметiнiң салдарынан құрып кету қаупi төнiп тұр және қазiр биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және жануарларды қорғау жөнiнде шаралар қабылдау қажеттiгi туралы мәселе тұр.
Табиғатқа ұқыпты қарауға, орман алқаптарын өрттен қорғауға ерекше назар аударылды.
Кездесу белсенді диалог форматында өтіп, спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
#Біртұтас_тәрбие
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official