Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 27 қаңтарда Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығының ашылу рәсімі болып өтті. Саптық жиында 10 “А” сынып оқушыларының «Математикалық сауаттылық. Өмірдегі математика» тақырыбында дайындаған үгіт-насихат тобының қойылымы оқушылар назарына ұсынылды.
«Күнделікті өмірдегі математикалық сауаттылық» стендісі рәсімделіп, оқушыларға апталық аясында атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды. Жоспарға сай әртүрлі тақырыптарда сынып сағаттары өтілді.
#balkhash_qalasy_bilim_bolimi
#goroo_balkash
#umckrg
#birtutas_tarbie
#қообтәрбие
#математикаапталығы2025
#математикаайналамызда
