Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өтіп жатқан, «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы “ атты дене шынықтыру апталығы аясында, Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласының «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің, 10 «А» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, 4 дүркін Қазақстан чемпионы , 2 дүркін Азия чемпионы, -Дубай (2019-2021), Жазғы әлемдік гимназия чемпионы (Париж) халықаралык жарыс (Сербия-Болгария-Черногория) чемпионы жерлесіміз, Ермек Ерасыл Ерденұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: Оқушыларды дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, бос уақытын тиімді пайдалану арқылы денсаулықтарын нығайту, салауатты өмір салтын сақтау.
Кездесу барысында, Ерасыл Ерденұлының өмір жолы, жеткен жетістіктері, алған марапаттары туралы сұхбат құрылды. Оқушылар жеке өміріне, отбасына спортқа қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты, оқушыларға бокс ережелері мен тактикаларын көрсетті. Кездесу барысында қойылған сұрақтардың ішінен ең үздік, ең қызықты, ұнаған сұрақ қойған, екі оқушыға беретін сыйлыққа өз қолтаңбасын қойып, өз қолымен тапсырды.
Мектеп оқушыларымен кездесіп, өз ойын, жетістіктерін ашық айтып, қызықты да мағыналы сұхбат жүргізген Ерасыл Ерденұлына алғысымыз шексіз. Сізге тек жеңістер мен сәттілік тілейміз, жеңісті күндерде жолығайық, тек жеңістің тұғырынан көрейік!
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева