Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өтіп жатқан, «Цифрлық әлем» компьютерлік және ақпараттық сауаттылық апталығы аясында 11 «А» сынып оқушыларымен «Интернет пен әлеуметтік желілердің қауіп-қатері, әлеуметтік желілерде кездесетін мәселелер» тақырыбында пікірталас өтті.
Мақсаты: Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету және оны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету, сандық сауаттылығын арттыру, оқушыларға әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануды үйрету.
Пікірталас барысында оқушылар whatsapp, instagram, facebook әлеуметтік желілердің қауіп-қатері, зияны мен пайдасы туралы өз ойларын ортаға салды. Оқушылар, әлеуметтік желілерге тәуелді адамның белсенділігі төмендейтінін, денсаулыққа зияны экранға бірнеше сағат бойы қарап отырған адамның көру қабілеті төмендеп, физикалық белсенділігіне де кері әсер етуі мүмкін деген пікірлер айтты.
Ғаламтор желісі мен әлеуметтік желілер XXI ғасырдағы адамдардың ең үлкен жетістігі болып табылады. Ғаламтор желісінің пайдасы да, зияны да бар. Алайда, әлеуметтік желіні дұрыс жағынан немесе бұрыс жағынан қолдану әрбір адамның өзіне байланысты. Жалпы ақпаратты електен өткізбей, шектен тыс қолдануға болмайтыны ескертілді.
Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#obb_qaraganda
#umckrg
#цифрлықәлем2024
#цифравоймир2024