Skip to content

🔦 Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өтіп…

🔦 Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен өтіп жатқан, «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы аясында, 5«А»сыныбында «Сандық әлемде өзіңізді қалай қорғауға болады?» тақырыбында сынып сағаты өтті.
🔖Мақсаты: Оқушыларды ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
📱 Оқушыларға ақпараттық сауаттылық, желілік этикеттің негізгі қағидалары, нақты өмірдегідей мінез-құлық стандарттарын ұстану, желідегі мінез-құлық әдептері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
❌ Ережелерді сақтамау жағымсыз әрекеттерге әкеледі. Алауыздықты қоздыруға, қорқытуға, жалған ақпарат таратуға бағытталған әрекеттер қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер болып табылады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру), 194 (қорқытып алушылық) және 274 (жалған ақпарат тарату) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.
🖊️Сынып жетекші: Ж.М.Имангалиева
#obb_qaraganda
#umckrg
@zhainagulsadenovna
@balqash_qbb
#цифрлықәлем2025
#цифравоймир2025
#апталық

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *