Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «жалпы білім беретін №5 мектебі» КММ –де 16 наурыз -Шаңырақ күніне орай, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында даналық мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде Ата –баба дәстүрінің қыр- сырына терең бойлай отырып, ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында «Ата –баба дәстүрі –ұрпаққа аманат» тақырыбында «Аталар мектебі клубының» мүшелерінің қатысуымен шеберлік сағаты өткізілді.
«Атаның ұлы –атасына тартып туар »демекші аталарымыз балаларға қамшы өрудің әдістерін көрсетіп, қазақ халқында қазақ қамшыны не үшін киелі, қасиетті санағанының мәнін түсіндірді.
Бата беру –қазақ салт –дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданысқа ие болып, ескірмей келе жатқан салттың бірі. Бұл дәстүр тәрбиенің бастауы екенін қазақ халқы қандай да істі бастамас бұрын үлкендердің батасын алғанын жас ұрпаққа ұғындыру.
Қазіргі заманауи балалар үшін таңсық дүниеге оқушылар ерекше қызығушылықпен қатысып, көкейлеріндегі сұраққа жауап алды.
Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, нұр үстіне нұр болмақ.
Аталар мектебі клубының жауапты мұғалімдері: Асылбекова А.Т, Нуржанова Қ.С, Қабду М.А
#Біртұтас_тәрбие
#Қарағандыоблысы09
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb