Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханасында 8 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ер есімі –ел есінде» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты : Жас өрендерімізді тарихымызды жетік білуге, Ауған соғысына қатынасқан жауынгерлеріміздің ерлік істерін дәріптеуге, соғыста мерт болғандардың есімдерін жадымызда ұстауға үйрету.
Өтер жылдар, артып тағы алыстап,
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыс-тар.
Өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің ерлігі өшпес өнеге. Ерлік – елдің туы. Ер қуаты – қару болса, елдің қуаты – батырлары. Халқымыз қашанда ерлерін пана тұтқан. «Отан үшін күрес, ерге тиген үлес» деген мақалды ұстанған ерлеріміз, ауған қаһармандары – біз үшін ерліктің ерен үлгісі.
