Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ
2 Ә сынып оқушылары «Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында фотоколлаж жасады.Мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің , ата – бабаларының тарихын білу.Жеті атаға байланысты және оның қалай таратылатынын бұрынғылардан айтып қалдырған өнегелі сөздеріне сай назар аудару , өз ұлтымыздың, тіліміздің, дініміздің, ата – бабаларымыздың тарихын сақтау.
Балаға ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт жайын үйрету – ер азаматты ерлікке, отансүйгіштікке баулиды деп ұққан және оған 7-9 жасында әкесінен бастап ата-тегін, ағайын туысты, ел-жұртын танытуға ерекше көңіл бөлген. Әкесі мен атасы балаға тек бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата жолын жалғастырса деп үміт артқан.
Сынып жетекшісі:
Бекбенбетова Г.К.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi
@balqash_qbb