Skip to content

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы…

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп кітапханасында «Ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтар» тақырыбында 4Ә сынып оқушыларымен оқу сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Қазақта атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер баршылық. Бірақ жылдар өте ұмытыла бастаған ұлттық құндылықтарымызда бар. Халқымыздың өткені мен бүгініне ой көзімен қарасақ, салт-дәстүрдің кейбірі бүгінгі мына дәуірде арамыздан ізі кете бастағандығы шындық деп айтуға да болады. Міне, ұмытылып бара жатқан дәстүрлеріміз туралы оқушылармен ой бөлістік.
Ерулік – жаңадан көшіп келген адамдарға көршілерге арналған қонақ асы. Ерулік жаңа көршілерді жатсынбай жақындастыратын салт – дәстүріміз.
Аунату. Қазақтар үйіне келген сыйлы адамның отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған.
Тағы бірі «қалау айту», біреудің жақсы малына немесе мүлкіне көзі түскен адам сол үйдің иесіне немесе әйеліне, баласына бір бағалы тарту әкеліп, сол үйдегі өзі ұнатқан дүниені көрсетіп, «менің қалауым осы» деп сұрайды.
4Ә сынып оқушылары Г.Русланқызы, Ә,Исмаханқызы, Ж.Айдынұлы, Ж.Төребек, Н.Ибраш өз ойларын жарыса ортаға салды. Үлкендердің әрбір сөзінің құны бар, дәстүрдің дәріптейтін тұсы бар. Тек қана сол дәстүрімізді жалғастырып, кейінгі буынға жеткізе білсек, қазақ халқы ретінде, ұлт ретінде ешқашан жойылмаймыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *