Қарағанды облысы білім басқармасының “Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ
Сәуірдің 26.04 күні 2 А сыныбында “ Тәрбие басы – ұлттық құндылық “ тақырыбында ата – аналар жиналысы өтті.
📒 Мақсаты: Ұлттық сана – сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлттық тұлғаны тәрбиелеу
🔖Ол үшін ең әуелі ұрпақтарын бала кезінен ұлттық тәлім- тәрбиеге баулып, халқының салт – дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиелеу.
🔖Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.
