Skip to content

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы…

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ -де 6 желтоқсан күні «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдау кабинетін жаңғырту» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің басшысы Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовна, қалалық білім бөлімінің әдіскері Малика Өміржанқызы, мектеп ұйымдарының логопедтері, дефектологтары қатысты. Олар өзара тәжірибе алмасып, ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер туралы пікір бөлісті. Семинар мақсаты: ерекше білімді қажет ететін балалардың жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың оқу процесіне бейімделуін жеңілдету. Семинар барысында қалалық білім бөлімінің басшысы Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовна білім беру жүйесінде ерекше білім беруді дамыту мен қолдау кабинеттерін тиімді пайдалану арқылы әр балаға тең мүмкіндік жасауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Мектебіміздің директоры Балапанова Гаухар Жасымбековна ерекше білімді қажет ететін балаларды қолдау кабинетінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп айтты. Сонымен қатар мектебіміздің дефектологы Сыздыкова Эльмира Темиржановна «Дефектологтың сабағында жасанды интеллектіні қолдану ерекшеліктері тақырыбында, ал логопед Тастанбекова Гульмира Даукешевна «Логопедия еліне ғажайып саяхат» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Осы семинардан күтілетін нәтижеміз:
• Ерекше білімді қажет ететін балалардың оқу процесіне бейімделуі жақсарады;
• Олардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес оқу процессіне қолайлы және тиімді жағдай жасалынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *