Skip to content

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы…

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі»КММ-де 18 наурыз күні 5-6 сыныптардың
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік ертеңгілігі өтті.
⚜️Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды сақтау, насихаттау.
⚜️Ұлыстың ұлы күнінің айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарын үлгі ету, таныстыру;
⚜️қазақтың ұлттық өнерінен, мәдениетінен тәлім – тәрбие беру;
Іс-шара: Қыдыр атаның батасымен басталып, қазақ халқының салт – дәстүрі:
– Тұсаукесер;
– ⁠Сәлем салу;
– ⁠Құда түсу;
– ⁠Құйрық-бауыр тарту ету;
– ⁠Есік ашар сынды ұлттық салт-дәстүрлерді ⁠насихаттау, ән мен күй шертпелерімен әсем аяқталды.
⚜️Наурыз құтты, берекелі, мерекелі болсын!
Жасай берсін жаңа күн!
Жасай берсін жаңа жыр!
Құтты болсын наурыз той!
Құтты болсын Жаңа жыл!

Your browser does not support the video tag.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *