Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де 23 мамыр күні 2 “Ә” сыныбында «Әкем тірегім – анам жүрегім» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.4-тоқсанның қорытындысы
2.Жаз айындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
3. Әртүрлі мәселелер
І.4 тоқсанның қорытындысы айтылып жыл бойы белсенділік танытқан ата-аналар марапатталды.
ІІ. Жаз айындағы қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.
Жалпы жиналыстың мақсаты – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, отбасындағы тәрбиенің маңызын арттыру, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.Жиналыс барысында отбасындағы әке мен ананың рөлі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың бірлескен жауапкершілігі, отбасы құндылықтары жайлы мазмұнды ойлар ортаға салынды. Қатысушыларға тәрбиелік бейнероликтер көрсетіліп, түрлі жағдаяттар талқыланды.Сонымен қатар, ата-аналармен ашық пікір алмасу өткізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Шараға белсенділікпен қатысқан ата-аналар мен мұғалімдерге алғыс білдірілді.Бұл жиналыс ата-аналар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті тереңірек түсінуге ықпал етті.
#Қарағандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тәрбие
@balkhashtv
@balqash_qalasy_akimdigi
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi