Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
13 қазанда «Діни келісім-бірлік пен тұрақтылық кепілі!» тақырыбында кітап көрмесі оқушыларға таныстырылды. Мақсаты : Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамада тұрактылықты сақтауға, тәрбиелеу
Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз.
